Психологтің семинарына қатысты

584

0

Көліктегі полиция департаменті басшылығының нұсқауына сәйкес, Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің акт залында «Сеніммен болашақ» Республикалық қоғамдық ата-аналар бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының психологы Баянова Жұмагүл Тасболатқызы жеке құраммен кездесу өткізді.

Кездесу барысында, жеке құрам арасында суицидтің алдын алу тақырыбында семинар сабақ өткізді. Оқыту семинарда психолог Ж.Баянова барлық қатысушылармен амандасып, өзін таныстырып, жұмыс регламентін баяндап, тақырып өзектілігі мен жиналыс мақсатын хабарлады. Тыңдаушыларды «Вахтер» ұғымының мағынасы, олардың суицид әрекеттерінің алдын алуындағы рөлін сипаттап қауіп қатерлер төніп тұрған қоғам мүшелерін анықтау және осы адамдарға көмек көрсетудегі сала қызметкерлерінің маңызы рөлі туралы баяндады. Суицидтік ойы, жоспары бар адамдарға сұрақ қою технологиясына және арнайы көмек көрсету қызметтеріне бағыттау жолдарына ерекше назар аударылады. Кездесу барысында сұрақ қоюдың тәжірибелік тәсілдерін ұсынып, суицидтік мінез-құлық белгілерін сипаттайтын мысалдарды қарастырып оларға көмек көрсету жолдары туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Ж.Баянова екінші тараптан жасалған қамқорлық көрсету және көңіл бөлу бір адамдарының өмірін құтқаратынын айтып өтті.

Қызметкерлер психолог маманға кездесуден жақсы әсер алғандарын және тәжірибе жинағандарын айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<