Қармақшы: Қайырымдылық шарасында 3 пәтердің кілті табысталды

382

1

Мұсылман қауымының қасиетті мерекесі Мәуліт айының басталуымен «Қармақшы Ата» мешітінде және ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған дін қызметкерлері мен мешіттердің жамағаты бірлесіп қайырымдылық шарасын өткізді.

Шарада әлеуметтік қолдауды қажет ететін 3 отбасына тұрғын үйдің кілті табысталды.

«Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында «Зекет» корпаративтік қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі Оңталап Жидебаев және «Жосалының 100 жомарты жігіті» акциясы мен 1972 жылы туылған азамат пен азаматшалардың қолдауымен жүзеге асып отыр.

Шара барысында Қармақшы аудандық «Қармақшы Ата» мешітінің Бас имамы Жақсыбек қажы Әбиұлы Мәуліт мейрамы жиналған жамағатты құттықтап, «Көшпелі қайырымдылық керуені» 30 жылдығы аясында 30 отбасына азық-түлік таратты.

Сонымен бірге облыстан келген қонақтар «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігіне барып, жұмыстарымен танысып, қолөнер шеберлеріне кілем сыйға тартты.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз