Қазалыда «Жасыл аймақ» апталығы басталды

670

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында елдімекендерде орналасқан саябақтар, скверлер, парктер мен аллеялар аумағын абаттандыру жұмыстары атқарылуда.

Осыған орай, бүгін Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағында «Biz taza aimaq ushin» акциясы жүргізіліп, 300 түп ағаш отырғызылды.

Бұл жұмыстар аясында кент орталығындағы саябақтар мен скверлер, аллеялар аумағына 2000 түп жасыл желек отырғызу жоспарланған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<