Қызылордада қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 1,5 мың тұрғын анықталды

411

0

Сурет: pexels

Қызылорда қаласы полиция басқармасының тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді.

Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және патрульдік полиция батальон қызметкерлері жыл басынан бері алкогольдік ішімдікті қоғамдық орында ішіп жүрген 1508 тұрғынды анықтап, әкімішілік жауапкершілікке тартты.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.​

Қызылордалық полицейлер арнайы орындардан тыс жерде ішімдік ішуге және масаң күйде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін әрекетке жол бермеуге шақырады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<