Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде диалогтік оқыту маңызды

394

0

Бұлай деуімізге бірнеше себеп бар. Диалогтік оқыту − оқушы ойын толық жеткізуіне көмек. Дидарласу арқылы оқушылардың жауабын түзетуге көмектесуге болады. Күрделі сұрақтарды қарапайым етіп қою, өткен материалдарға оралу, ойға салып дұрысын қабылдауға септігін тигізеді. Диалогтік оқыту оқушы мен мұғалім арасын да жақындастырады. Себебі ойларын тең жеткізіп, пікір алмасып, талқылайды. Бұл әдіс оқушының ой өрісін дамытып, жан-жақты ізденімпаз болуына әсер етеді.

Диалогтік оқытуды жүргізу барысында оқушылардың сабақты талдауын, шешіле сөйлеп, тақырыпты өрбітіп сұрақ қоятынын аңғардық. Олардың қызығушылығы мен білімін арттырады. Диалогтік оқыту оқушылар арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына ықпал етеді. Сыныпта өз ойларын еркін жеткізе де алмай үндемей отыратын оқушылар да бірте-бірте ашыла бастайды. Өздерінің жаңа идеяларын көпшілік ортада қысылмай жеткізетін, шешендік қабілеті ашылады.

Диалогтік оқыту – ұжымдық түсінуді қалыптастыру мақсатында оқушылардың сындарлы қарым-қатынас жасауына ықпал етеді. Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, түрлі жағдайда тиімді пайдалануына көмектесу. Диалогтық оқыту әдісін қолданған мұғалім көп ұзамай нәтижесін көреді. Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруі, басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінуіне көмектесу, олардың сыни ойлап, пікір алмасып, бір-бірін тыңдай білуіне жол салады. Оқушыларының зеректігі қандай деңгейде екендігін түсінуге септігін тигізеді. Бұл әдісті сабақта қолданғанда оқушыларға ойын жеткізуге еш шектеу қоймаймын. Топқа бөліп, сабақтың тақырыбын өздері толық ашуына мүмкіндік беремін. Түсінбеген жағдайда жетелеуші, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы дамытамыз. Топпен жұмыс кезінде топтағы оқушылардың жеке ойлануына, жұп арқылы ойларын толықтыру және топ ішінде талқылауына мүмкіндік тудырамын. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларды рөлге бөлу әдісін қолданамын. Оның тиімділігі мәтінмен жұмыс істегенде бірнеше оқушылар қамтылады. Оқушы өз бетімен оқып түсінеді, бір-бірін қадағалайды. Осылайша оқушы сындарлы сөйлеп, қызығушылығы артып, сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етемін. Бір-бірінен сабақ алып, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеп және бағалап үйренеді. Әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтап, мәтін бойынша түрлі сұрақтар дайындап, дұрыс жауап беруді, тақырыптан ауытқымауды игереді.

Күн сайын сабаққа тыңғылықты дайындықпен келіп, мазмұнды дәріс бәру үшін түрі әдістемелерді қолданамыз. Соның ішінде осы диалогтік оқыту өз жемісін беруде. Балалардың шешендік қабілеттері артып келеді.

Дина АРАЛБАЕВА,

№212 мектеп-гимназияның қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<