Қазақстандық университет британдық сапа белгісін алады

366

0

Фото: ашық дереккөз

Бүгін М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев QAA британдық аккредитациялық агенттіктің Халықаралық және кәсіби қызметтер бойынша директоры Эдуардо Рамоспен жоғары білім саласындағы сапаны бағалау бойынша халықаралық келісімге қол қойды. Бұл шара Лондонда Қазақстан-британ үкіметаралық комиссиясының 9-отырысы аясында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«QAA аккредитациясы қазақстандық жоғары оқу орындарының британдық сапа стандарттарына сәйкес келуінде маңызды көрсеткіші», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Бұған дейін Университет FIBАА еуропалық тәуелсіз агенттіктің институционалдық аккредитациясын алған болатын.

«Бұл серіктестік британ (халықаралық) сапа белгісін алуға негіз болады», -деді Талғат Нәрікбаев.

Біріккен Корольдікке сапар барысында КАЗГЮУ делегациясының Оксфорд университетінің Ислам зерттеулері орталығы, Кембридж Университетінің құқық факультеті, білім беру саласындағы ынтымақтастық құрылымы (Cambridge Education Partnership), және басқа да британдық оқу орындары басшылығымен нысанды кездесулері жоспарланған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<