Қоғам және медиация

256

0

Медиация — тараптардың істі сотқа жеткізбей татуласуы немесе бір мәмілеге келуі. Бұл тәртіпке жүгінуде әркімнің өз еркі. Істі сот қарасын десе, сот қарайды. Медиацияда құпиялылық сақталады. Тараптардың тең құқылығы, медиатордың бейтараптылығы мен әділдігі, рәсімнің ашықтығы.

Медиацияның тиімді тұсы — сот шығынына қарағанда төмен. Сотта іс әдетте ұзаққа созылуы мүмкін. Сот отырыстары бірнеше рет бөлініп өиеді кейде. Оған тараптардың бірі келмесе, жағдай ушыға түседі. Медиацияда тараптардың еріктілігі және жеделдетілген шараның бейресмилігі бар. Дауды шешуге медиаторға небәрі 30 күн уақыт беріледі. Белгілі бір себептермен бұл мерзім ұзартылуы да мүмкін, бірақ 60 күннен аспауы тиіс.

Сот – жария, ал медиация құпиялылықты қамтамасыз етеді. Медиатордың рәсім барысында мәлім болған ақпаратты оны ұсынған тараптың келісімінсіз жария қылуына жол бермейді. Сәйкесінше, медиатордан куәгер ретінде жауап алуға рұқсат етілмейді.

Медиаторға жүгіну керек пе, жоқ па дегенді тараптар өзара келісіп шешеді. Мұндай жолмен мәселенің шешілуі мүмкін болмаған жағдайда олардың сотқа жүгіну құқылы. Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты дауларда қолданылады.

Думан СМАИЛОВ,

Шиелі аудандық соты әкімшісінің бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<