Қор нарығында доллар бағасы қымбаттады

382

0

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5,72 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 482, 77 теңге.

Ұлттық банктің 27 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 476,89 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,95 теңге.

Kurs.kz дерегіне сүйенсек, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 481,15 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 483,5 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 479 теңге, сатып алу құны– 484 теңге.
Ресей рублі 4,75 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<