Қызмет бабында қаза болған әріптестерін еске алды

970

0

Жақында Қызылорда облысы ТЖД Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы «Нұр» мешітінде Рамазан айына орай қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған әріптестерді еске алу шарасы өтті.

Оған облыстағы сала ардагерлері мен азаматтық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Аталмыш іс-шараға Рамазан айында ораза ұстағандар да қатысты. Сала ардагері Сейітжағыппар Смайылов пен қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған Арғын Әшірбековтің әкесі, полиция қызметінің құрметті ардагері Қазбек Әшірбеков сауапты шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. «Қаза болғандардың рухына құран бағыштап, еске алғандарыңа рахмет. Мұндай іс-шараларды ұдайы ұйымдастырып келесіздер. Бұның өзі ұжымның ауызбіршілігін көрсетеді», – деді олар.

Қызылорда облысы ТЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<