Қызылордада жүк көлігі қағып кеткен жасөспірім қайтыс болды

384

0

Фото: Freepik

Қызылорда қаласында «КаМАЗ» жүк көлігі жасөспірімді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан жасөспірім ауруханаға жеткізіліп, қайтыс болды.

Әлеуметтік желіде жазылғанындай, оқиға Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округі аумағында болған. 

Бұл оқиғаның болғаны жөнінде Қызылорда облыстық полиция департаменті растап, төмендегіше түсініктеме берді.

«Айта кетсек, КаМАЗ маркалы жүк көлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып, жол-көлік оқиғасы тіркелді. Дене жарақатын алған жасөспірім Қызылорда көпбейінді ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Жасөспірім алған жарақаты салдарынан қайтыс болды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп мәлім етті департаменттен. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<