Сот жауапкерді электр желісін басқа қауіпсіз жер арқылы жүргізуге міндеттеді

355

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы К.-ның жауапкер «электрмен жабдықтау станциясы» мекемесінен қауіпті электр желісін басқа қауіпсіз жер арқылы жүргізуді міндеттеу туралы іс қаралды.

Талап қоюшы талап қоюында өзінің жер учаскесінің үстінен жоғары кернеулі электр желісі тартылғанын, оны  көшіру туралы мекемеге бірнеше рет арыз жазғанын, олар оны орындамағанын көрсеткен.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 28-бабына сай жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады. Осы Кодекске немесе заттық құқықтың мәнiне қайшы келмейтiндiктен, жер пайдалану құқығына меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады.

АК-нің 264-бабына сәйкес меншiк иесi, өз құқықтарының бұзылуы иелiктен айыруға байланысты болмағанымен, оларды бұзудың қандайын болса да жоюды талап етуге құқылы.

Сот шешімімен талап қоюшының талап қоюы қанағаттандырылып, жауапкер мекемеге қауіпті электр желісін басқа қауіпсіз жер арқылы жүргізу міндеттелді.

Қазалы аудандық соты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<