Су пайдаланушылар назарына!

831

0

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 367 бұйрығымен бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бөлінісінде 2016-2025 жылдарға арналған су пайдалану лимиттері бекітілген.

ҚР Су кодексінің 82 бабының 2 тармағына сәйкес, белгiленетiн су пайдалану лимиттерi негiзiнде бассейндiк инспекциялар облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар және бастапқы су пайдаланушылар бөлігінде ағымдағы жылдың сулылығы болжамын, су объектілерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ескере отырып, су пайдалану лимиттерін белгілейді.

 Суға деген қажеттiлiктердi жыл сайын қалыптастыру қайталама су пайдаланушылардың су тұтыну және су бұру көлемдерiнiң негiздемесi бойынша есеп-қисаптарға негiзделген бастапқы су пайдаланушылардың өтiнiмдерi бойынша жүзеге асырылады. Қайталама су пайдаланушылар үшiн су беру көлемдерi белгiленген су пайдалану лимиттерi ескерiле отырып, қайталама су пайдалануға арналған шарттарда айқындалады. 

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы, 2021 жылға су пайдалану лимитін белгілеуге бастапқы су пайдаланушылар осы жылдың  20 наурызына дейін Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясына өтініш (kvr-аral@ecogeo.gov.kz)  жолдауы қажет.

        Лимит белгілеуге өтініш білдіру үшін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 216 бұйрығына сәйкес жер үсті су обьектілерінен су пайдалануға арнайы рұқсат құжатын рәсімдеуі тиіс.

Қажетті анықтамаларды төмендегі мекен жайдан алуға болады: Қызылорда     қаласы, Аманкелді көшесі, 107.

Телефондары: 23-56-70, факс(8-724-2) 23-56-07

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<