Сыр жастары Елтаңба авторымен  кездесті

719

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Жандарбек Мәлібеков Сыр жастарымен кездесті.  Шара барысында ардагер сәулетші Өзбекстанда жүріп, Әндiжан қаласындағы әуе вокзалының, Ферғанадағы облыстық поштаның, Самарқандағы драма театр мен орталық кiтапхананың, Ангара, Ферғана және Самарқан қалаларының шағын аудандарындағы тұрғын үй құрылыстарының жобаларында қолтаңбасын қалдырғанын айтты. Сондай-ақ, Елтаңбаның шығу тарихын баяндап, әрбір бөлігіне тоқталды.

– Қазақстанға 2001 жылы көштім. Оған дейін Өзбекстанда болдым. Әлі есімде, 1992 жылы қолыма түскен бір басылымнан Мемлекеттік Елтаңбаға конкурс жарияланғаны туралы кішкентай ғана ақпаратқа көзім түсті. Содан кейін әлдебір күш жетелегендей, бар ынта-ықыласым Елтаңбаға ауды да тұрды. Жалпы Елтаңба мемлекеттік нышан ретінде сол елдің саяси көзқарасын, ерекшелігін де білдіріп тұрады емес пе? Мәселен Ресейдің елтаңбасында империялық пиғыл аңғарылады. Ал, қазақтың Елтаңбасы мүлде бөлек болу керек деген ой келді. Біраз толғандым ғой. Түрлі ойдың жетегінде жүріп, араға біршама уақыт салып, Елтаңбаны жасап шықтым, – дейді ол.

Осылай өрбіген әңгімеден соң, жастар  белгілі суретшіге қазір немен айналысып жүргені, қолға алған жобалары, сәулет өнерінде оған қандай стильдер жақын екені және Қазақстанда қандай жаңа ғимараттарды жобалауды армандайтыны туралы көптеген сұрақтар қойды. Ол сауалдарға сәулет өнерінің майталманы тұшымды жауап берді.

Осы тұста айта кетейік, Жандарбек Мәлібеков Елтаңба авторы ғана емес, архитектура саласының майталманы, елордадағы көптеген сәулетті жобаларды жүзеге асырған маман екенін көпшілік біле бермейді. Соның ішінде «Нұр Астана» мешіті, «Астана-Опера» театры, «Oitek» архитектурасының, «Expo-2017» қалашығы мен жаңа Түркістан қаласының бас жоспарын жасауға ерекше үлес қосқан.

Оқу жылының ұзақтығының ұлғаюына байланысты жаңа оқу жылында бес күндік форматта 7 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді, бұл үш ауысымды мектептерді қоспағанда, 3,4 млн бала мен 300 мыңнан астам мұғалім. Сенбі демалыс күні болады, соның арқасында оқушылар, мұғалімдер, мектеп директорлары мен оның орынбасарлары оқу жылында қосымша 36 күн демалады.

Жаңа оқу жылында мектептердің оқу бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізілді. Зерттеу және халықаралық тәжірибені зерделеу қорытындысына сәйкес 1-сынып оқушысының үш тілді бірден меңгеруі қиын екені анықталды. Бала ең алдымен өз ана тілінде оқып, жазуды үйренуі керек.

Сондықтан Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік тілде оқытатын 1-сыныптарда балалар тек қазақ тілін, орыс тілінде оқытатын сыныптарда мемлекеттік және орыс тілдерін үйрететіні туралы шешім қабылдады.

«Қазақ тілінде оқытатын мектептерде 2-сыныптан бастап орыс тілін оқыту басталады. Ағылшын тілі барлық мектепте үшінші сыныптан бастап оқытылады. Сондай-ақ 1-сыныпта балаларға ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері енгізілді», – деді Шолпан Каринова.

Биылғы оқу жылында 5-11 сыныптарда «Жаһандық құзыреттер» факультативтік курсын оқыту жалғасады. Курста «Адалдық және этика», «Экологиялық мәдениет», «Азаматтық», «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері», «Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық» модульдері бар.

Жаңа оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптар өзгермейді. Яғни оқушылар мектепке бұрын сатып алған немесе биылғы оқу жылында дайындаған формамен бара алады. Мектеп формасы жоқтар таза, ұқыпты классикалық киім үлгісімен мектепке бара алады.

Биылдан бастап Оқу-ағарту министрлігі материалдық көмек көрсету ережелеріне өзгерістер енгізді, бұған дейін өңірлерде бөлінген сома 17-ден 40 мың теңгеге дейін болса, биыл бұл сома ұлғайтылды және ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем болмауы керек, яғни 37 389 теңге. Көмек көрсету механизміне де өзгерістер енгізілді. Енді қаражат ата-аналардың балаларымен бірге мектеп формасын, аяқ киімін, кеңсе тауарларын және т.б. өз еркімен сатып алуы үшін банктегі шотына аударылады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<