Тәжірибе алаңының үшінші күні: кәсіби құзырлылықты қалыптастыру жолдары

122

0

Фото: автордан

Тәжірибе алаңының үшінші күні өткізілген кезекті жұмыстарға тоқталайық.
Алаңның үшінші күнгі шарасы «Кәсіби құзыреттілікті дамыту: мүмкіндіктер, тәжірибе мен стратегиялар» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциямен басталды.

Конференция білім беру ұйымдарында білім беру жүйесін жаңғырту және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, озық тәжірибелерімен алмасу, инновациялық идеяларды, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, технологияларды, тәсілдерді қолдану және талдау мақсатында өткізілді.

Мектептегі білім беру үдерісіне жаңаша оқыту идеяларын ендіру тәсілдері; мектеп жағдайында мұғалімнің көшбасшылығын жетілдіру мәселелері; STEM тәсілін мектеп тәжірибесіне ендіру жолдары; оқушылардың өздігінен білім алуын қолдау-ынталандыру бағыттары; оқушылардың оқуы мен оның нәтижелерін бағалаудың тиімді түрлері секциялары бойынша келіп түскен жұмыстардың ішінен 8 баяндама конференцияның пленарлық мәжілісіне ұсынылды. Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған конференцияның электронды жинағына іріктеуден өткен баяндамалар енетін болады.

Педагогтердің кәсіби байқаулары білім беру жүйесін дамытуға, білім алушыларға сапалы білім беру әдістерін оқу үдерісіне кеңінен енгізуге, мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға оң ықпал етеді. «Үздік авторлық бағдарлама – 2024» кәсіби байқауына 16 шығармашыл ұстаз қатысып, авторлық бағдарламаларын қорғады.

Байқаудың мақсаты – таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламалар құрастыратын үздік пән мұғалімдерінің тәжірибесін анықтау және тарату.

Тәжірибе алаңының «трендіне» айналған «Алтын көмбе» ойыны өткізілді. Сайыс барысында командалар әртүрлі тақырыптардағы логикалық сұрақтарға жауап беріп, нәтижесінде Қармақшы ауданының командасы 37 ұпай жинап, жүлделі 1-орын иеленді.

Тәжірибе алаңы жұмысын жоғары деңгейде үйлестіре білу нәтижесінде барлық шараны өткізу мүмкіндігіне қол жеткізілді. Қатысушылардың шығармашылық еңбегін айқындайтын әрбір материал алаң жұмысы барысында тәуелсіз сарапшылардың, ұйымдастырушылардың тезінен өткізіліп, лайықты бағаланды, бағыт-бағдар беріліп, жетілдіру бағытындағы ұсыныстармен толықтырылды.

Алаңның кезекті шарасы «Оқуға құштар мектеп» тақырыбындағы театрландырылған мәдени шарамен жалғасын тапты. Мәдени шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың оқу мәдениеттіліктерін дамыту, оқушылардың оқу мәдениетінің және кітап оқу белсенділігінің деңгейін арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, сонымен қатар жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру.

Қалалық және аудандық білім бөлімдерінің командалары ұлт зиялылары, ақын-жазушылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері туралы, қазақ әдебиетінің жауһарлары – «Қан мен тер», «Оян, қазақ!», «Махаббат қызық, мол жылдар…» шығармаларының желісі бойынша көрініс қойды.

Алаң жұмысын ұйымдастырушылар мен сарапшылар үшінші күні өткізілген шараларға сараптамалық талдау жүргізіп, рефлексия жасады.

«Өрлеу» Қызылорда филиалының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<