Тәртіп баршаға ортақ

316

0

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда ересектер мен кәмелетке толмаған балалар арасында орын алған құқық бұзушылық фактілерінің туындау себептері және оның алдын алу шаралары туралы мәселелер қаралды.  

Алғашқы жартыжылдықтың қо­рытынды­сын баян еткен облыс­тық ішкі істер депар­таментінің жер­гілікті полиция қызметі бас­шы­­сының міндетін атқарушы Е.Жәу­кеев аймақ көлемінде құқық бұзушылықтарды сауықтыру, қыл­мыстардың алдын алу мақсатында түрлі профилактикалық іс-шаралар өткізілгенін айт­ты. Нәтиже жаман емес, жыл басынан бе­рі қыл­мыс­тылық деңгейі 12,3 процентке, оның ішінде аса ауыр қылмыстар 21,4 про­­цент­ке, онша емес және орташа ауыр са­на­ттағы қылмыстар 11,4 процент­ке төмендеген. Ал, кә­мелетке тол­мағандар жа­саған қылмыс 20,6 процентті құрайды. Бұл өткен жылмен са­лыстырғанда төмендегенін көрсетеді.

Бүгінде қаланың ішкі тәртібін сақтау мақсатында полиция қыз­мет­керлері үш ауысымда 119 ба­ғытқа бөлініп қызмет атқарады. Алайда, тікелей қызмет көрсету ба­­рысында біршама кедергілер кез­десетін  көрінеді.

– Аптаның жұма, сенбі, жексенбі және мейрам күндері көпшілік кө­ңіл көтеру орындарында құқық бұ­зушылықтың саны артуы­на орай ол жерлерде қоғамдық тәртіпті қам­­тамасыз ету үшін қосымша ке­зекшіліктер ұй­ымдастыруға  мәж­бүр боламыз. Себебі, клуб­тар мен кафелердің халыққа қызмет көр­сету уақытының шектеусіз бо­луы және олардың иелерінің ішкі тәртіпке бейжай қарауы салдары­нан есепті мерзімде тағы 44 қыл­мыс орын алды, – деді полиция пол­ковнигі Е.Жәукеев.

Бұдан бөлек, рейд жұмыстары кезінде түнгі уақытта заңды өкіл­дерінсіз жүрген екі мыңнан астам жасөспірім ұсталған. Бұл ретте, олардың ата-аналары әкімшілік жа­уапкершілікке тар­тылған. Сон­дай-ақ, бала тәрбиесімен айналыс­па­ғандары үшін 29 ата-ана да «Әкімшілік ко­декстің» 127-бабымен жауапкершілікке тар­тыл­са, үлкендердің тәрбиесіне көн­бей­тін, білім алудан қасақана жал­таратын, өз бетімен жүріп-тұр­ғысы келетін 5 жасөспірім девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатқа ор­на­ластырылған. Осы ретте сөз ал­ған облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Шын­тасов  қылмыстылықпен тіркелген 44 жасөспірімнің 38-і есепке алынып, олармен білім беру ұй­ым­дарының психологтары жеке жұ­мыс жасап келетінін жеткізді.

– Аталған фактілер бойынша білім беру ұйымдарында оқи­тын жасөспірімдер психо­лог­тар­дың бақылауына алынып, ұдайы түсін­дірме жұмыстары жүргі­зі­луде. Жыл басында “Кәмелетке толма­ған­дар мен жастар арасындағы құ­қық бұзушылық профилак­ти­касының кешенді жол карта­сы” қабылданды. Соған орай алда­ғы уақытта барлық білім беру ұй­ымдары бейнекамералармен қам­та­масыз етіліп, балалардың қау­іп­сіздігі толық бақы­лауда болады, – деді Ж.Шынтасов.

Ал, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ.Жанұзақов облыс бойынша NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізудің арнайы жоспары бекітіліп, алдағы бір айда олардың нақты дерекқорын жасақтап, әр­бір жаспен жекелей жұмыс жасай­тындығын тілге тиек етті.

Жиынға қатысушылар тарапы­нан  ұсыныс­тар айтылды. Олар­дың қатарында білім беру ұйым­дарында мектеп медиация­сын енгізу, қала­дағы тәртіп бұзушылықтың көп бө­лігі кафелер мен сыраханалар тө­ңірегінде орын алуына байланысты олардың түнгі уақыттағы жұ­мыс уақытын қысқарту жолдарын қарастыру, қаладағы камералар санын арттыру, шет ай­мақтарға көптеп орналастыру, юве­налды полицияға автокөлік бе­ру мәселелері бар. Бұлардың бар­­лығы ке­ңес мүшелері арасында тал­қыланып, бірауыздан қолдау тапты.

Басқосуда, мұнан бөлек, Бай­қо­ңыр қала­сында тұратын ҚР аза­маттарының әлеуметтік жағдайы жә­не оларды қолдау мәселелері сөз болды. Оның ішінде Ресей Фе­дерация­сына қарасты меке­ме­лерде жұмыс істеп, зей­нетке шық­қан ел азаматтарының ресей­лік жи­­нақтаушы зейнетақы қорын­да­ғы қаржыларын алудағы орын ал­ған проблемалар мен оның ше­шу жолдары, экологиялық апат ай­мағы тұрғындарының зейнет­кер­лік жасы кеңінен қарал­ды. Бұл туралы Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің “Байқо­ңыр” ке­шеніндегі арнаулы өкілі­нің қызметін қамтамасыз ету бас­қармасының басшысы Ж.Аба­тов егжей-тегжейлі баяндап берді.

Жиын соңында баяндамашы­ларға  қоғам­дық кеңес төрағасы Ба­қытжан Сайлыбаев пен кеңес мү­шелері тарапынан сұрақтар қойы­лып, нақты жауаптар алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<