ҰБТ-да тым жоғары балл алғандар күшейтілген тексеруден өтеді – Дидар Смағұлов

712

0

Ұлттық бірыңғай тестілеудегі әрбір өте жоғары нәтиже күшейтілген тексеруден өтеді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Дидар Смағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат


«Біз жүйені алдауға тырысқандардың барлығын анықтап, тиісінше жазалаймыз! Бұл тест тапсырушыларға ғана емес, сонымен қатар өңірлерде ҰБТ өткізуге жауапты қызметкерлерге де қатысты. Сіздің әрбір қадамыңыз біздің бақылауымызда және кез келген құқықбұзушылық әрекеттерге деген талпыныс миға мүлдем қонымсыз», -деп жазды Дидар Смағұлов Facebook-парақшасында.

Оның сөзіне қарағанда, кеше Түркістан облысы Темірлан ауылының түлегінің ҰБТ нәтижесін жоюға тура келген. «Ол наурыз айының көрсеткіштерімен салыстырғанда өте жоғары нәтиже көрсетті (37 балдан 121 балға дейін көтерілген). Иә, біз міндетті түрде мұны да қадағалаймыз. Наурыз айының нәтижелерін алғаннан кейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осыған байланысты тиісті тапсырма берген болатын. Нәтижелері 20-дан астам балға көтерілген әрбір адам қосымша күшейтілген бақылаудан өтеді», – деп ескертті Дидар Смағұлов.

Сондай-ақ, ол осы облыстың Темірлан ауылындағы келеңсіздіктерді еске алып, алда біршама тексерулер күтіп тұрғанын атады. «Жүйені алдағысы келгендерді одан да маңызды жауапкершілікке тарту үшін материалдарды құқық қорғау органдарына жолдайтын боламыз. Айтпақшы, Шымкенттегі қылмыстық іс әлі тергелуде, мен оның нәтижелерімен міндетті түрде бөлісемін. Ал, өздерінің ауыр міндеттерін адал орындап жатқандарға басымды иемін. Жергілікті жерлердегі Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлерінің жалақысына қосылатын қосымша төлемдер 1 маусымнан бастап контингентке байланысты 60% дейін өсетін болады», – деді Дидар Смағұлов.



Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз