Жаңа сервистік модель енгізілді

332

0

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Қазақстан халқына кезекті Жолдауына сәйкес, облысымызда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тарифтер саласында тәртіп орнату мақсатымен батыл шаралар қабылдау мәселесіне қатысты бірқатар шаралар атқарылуда.

«Табиғи монополиялар туралы» Заңға және Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес, тарифтер мен бағаларды мемлекеттік реттеу аясына жылумен, газбен, сумен жабдықтау және сарқынды суды бұру, электрмен жабдықтау секілді коммуналдық қызмет түрлері жатады.

Қызметті тұтынушылар осы коммуналдық қызметтерге реттелетін қызметтер үшін уәкілетті органмен бекітілген тарифтер және келісілген бағалар бойынша төлем жүргізеді. Бағалар (алымдар, тарифтер) келісілген және бекітілген кезде уәкілетті орган оларды бекіту мерзімі мен қарау тәртібі қарастырылған қолданыстағы нормативті-құқықтық актілерді басшылыққа алады. Сонымен бірге, табиғи монополия субъектісінің (жылумен, сумен жабдықтау, сарқынды суды бұру) тарифіне (бағасына, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн шығындарды реттеу тарифтің шығын бөлігіне енгізілетін шығын түрлерін шектеу және субъектінің шығын деңгейін шектеу жолымен жүзеге асырылады. Қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында төтенше реттеуші шаралар ретінде тарифті бекіту жағдайын қоспағанда, міндетті түрде жария тыңдаулар өткізіледі.

Жария тыңдау барлық мүдделі тараптардың қатысуымен өткізіледі және жария тыңдау өткізу туралы хабарлама белгіленген мерзімде алдын ала басылым беттерінде жарияланады. Сонымен қатар Табиғи монополияларды, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің интернет-ресурсында (kremzk.gov.kz) орналастырылады. Мәселен, биылғы 9 ай қорытындысы бойынша 6 жария тыңдау өткізілді.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдар қызмет­керлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен тұратын кеңес беру-талқылау органы аумақтық департаменттер жаңында Сараптама кеңестері жұмыс жасайды. Тарифтік саясат аясында тұтынушылардың құқықтарын қорғау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселе­лерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді дайындауға қатысуға, кеңес беру көмегін көрсетуге, қажет болған жағдайда тариф немесе оның шектi деңгейi мен тарифтік смета жобалары бойынша қорытынды беруге  шақырылады.

 Нақты кезеңде тарифті қалыптастырудың жаңа әдістерін кезең-кезеңмен ендіру қарас­тырылған «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы Парламентте қаралуда. Қызмет сапасының стандарттарын сақтау және олардың қызметтерінің тиімділігін арттыруға байланысты табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне тариф бекітудің ынталандыру әдісі, қазіргі кезде қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілері үшін қолданылатын, жыл сайын тарифті индексациялау қарастырылған индексациялау әдісі,  мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан кезде тарифті анықтау сияқты қаралған, сонымен қатар негізгі болып тарифті қалыптастырудың шығын әдісі сақталады.

Тарифтік және бағалық реттеу бойынша ақпаратты берумен байланысты бизнес шығындарын азайту мақсатында, биылғы жылы «Монополист» базасы – табиғи, мемлекеттік монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері ақпаратының, хабарламалары мен есептілігінің электрондық деректер базасы жаңа сервистік моделін енгізу арқылы мемлекеттік органның қызметтерін автоматтандыру жүзеге асырылды. 

Алдағы жылдан бастап табиғи монополия және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері мен департаменттің лауазымды тұлғалары арасында байланысты болдырмау мақсатында өтінімдер мен хабарламаларды қабылдау тек электронды түрде жүзеге асырылады.

 

Облыстық экономика 

және бюджеттік жоспарлау басқармасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<