Нұратада дүбірлеген той өтті

1774

0

Өзбекстанның Науаи облысында Қазақстан делегациясының қатысуымен Әйтеке бидің 380 жылдық мерейтойы тойланды. Әйтеке би Байбекұлы мен Жалаңтөс баhадүрдің әкесі Сейітқұл жатқан Нұрата кентінде 2008 жылы кесене кешен салынған еді. Қазақстанның әр түкпірінен келген қонақтар мен Өзбекстандағы қандастар баба басына бата оқыды.

Делегацияны Науаи облысының әкімі қабылдап, игі тілегін арнады, Әйтеке бидің тарихтағы орнына жоғары баға берді. Айта кетейік, Қызылорда облысымен екі арада тығыз байланыс орнату туралы меморандум бар.

Қызылорда облыстық филармониясы мен Қазақстанның басқа да өнерпаздары «Достық сазы» атты концертін тарту етіп, науаилықтарды қуантты. «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, «Томирис» би ансамблі, Ш.Бимбетова, А.Ноғайбаева, М.Сәрсенбаева, халықаралық конкурстардың лауреаттары Б.Төлеубай, М.Сүгірбай, жас айтыскер әрі жыршы Б.Орынбасар, әнші А.Табынбаев, Б.Қарғабаев, С.Тасбергенова өнер көрсетіп, көрермендердің ерекше құрмет-қошеметіне бөленді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<