Жәрдемақы мен зейнетақы: төлемде не өзгеріс бар?

2320

0

Әлемдегі геосаяси жағдай елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына да әсер етуде. Бұл ретте мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар аз емес. Жыл басынан бастап әлеуметтік қолдауды күшейтуге қосымша 185 млрд теңге бөлінді. Аталған төлемдерді еліміздің 4,2 млн азаматы алса, оның ішінде 2,3 миллионы – зейнеткер, 1,2 млн-ы балалы отбасы, 700 мыңға жуығы – мүгедектігі бар адамдар және басқа санаттағылар. Биылға зейнетақы төлеміне 3064 млрд теңге қарастырылған. Республикалық бюджеттен 2960 млрд теңге, бұл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің барлық шығыстарының 67%-ын құрайды. Олар ынтымақтық зейнетақы және базалық зейнетақы  төлемдерін төлеуге бағытталған. БЖЗҚ-дан 104 млрд теңге жасына байланысты орташа жиынтық зейнетақы мөлшері (ынтымақты + базалық) 1 сәуірге дейін 105337 теңге, 1 сәуірден бастап 109346 теңге болды. Жинақталған зейнетақыны қоса алғанда, орташа жиынтық зейнетақы мөлшері (ынтымақты + базалық+ жинақталған) 1 сәуірге дейін   133337 теңге,1 сәуірден бастап 138616 теңге болды.

Мүгедектігі бар  адамдарды және асыраушысынан айырылған отбасыларын  әлеуметтік қолдауға 370 млрд теңге қарастылыған. Республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша жәрдемақыға 342 млрд теңге, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына байланысты әлеуметтік төлемге 28 млрд теңге бөлінді.  Асыраушысынан айырылған отбасыларға 111 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде:  бюджеттен  92 млрд теңге,  МӘСҚ-дан 19 млрд теңге. Бюджеттен төлем алушылар үшін жәрдемақының орташа мөлшері 1 сәуірге дейін 43957 теңге  1 сәуірден бастап 45627 теңге МӘСҚ-дан төленетін төлемді қоса есептегенде асыраушысынан айырылуға байланысты    төлемнің жинақталған мөлшері 1 сәуірге дейін  73588 теңге, 1 сәуірден бастап 76443 теңге болып өзгерді.

Ана мен баланы  әлеуметтік қорғауға балалы отбасыларға төленетін төлемдерге бюджеттен және МӘСҚ-дан 795 млрд теңге қарастырылған. Бала тууы бойынша төлемдерге 59 млрд теңге бөлінді. Жәрдемақы мөлшері 1 сәуірге дейін 1,2,3 балаға    116394 теңге,    1 сәуірден бастап 120840 теңге, 4 және одан да көп балаға   192969 теңге    200 340 теңге болып бекітілді. Бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемдерге 228 млрд  теңге бөлінді. Бюджеттен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыға 338 млрд теңге қаралса, олардың мөлшері балалардың санына қарай сараланады.

Ұлғайтылған сомалардағы бұл төлемдер сәуір және мамыр айларындағы қосымша төлемдерді ескере отырып, маусым айында төленетін болады. Сонымен қатар, МӘСҚ-дан жұмыс істейтін әйелдерге жүктілігі және босануына байланысты төлемге 171 млрд теңге қаралған. төлемнің мөлшері 762071 теңгені құрайды.

Қазақстанда жыл сайын барлық әлеуметтік төлемдер  инфляция деңгейін ескере отырып индекстеледі. Ұлттық банктің деректері бойынша инфляция деңгейі осы жылдың соңына дейін 8-10% -ке жетуі мүмкін (бұрын инфляция бойынша болжам 4-6%-ті құраған).

Биыл қаңтардан бастап  жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7%-ке,  ал ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 5%-ке арттырылуына байланысты  жәрдемақылардың мөлшері өскен болатын.

2022 жылғы 1 сәуірден бастап инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, мамырдың 12-де  «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР-ның Заңына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 4%-ке индекстелді, ал базалық зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі-ЕТКД), айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің (бұдан әрі-АЕК) өзгеруіне байланысты арттырылды (1.04.22ж. бастап жәрдемақылар және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін АЕК мөлшері – 3180 теңге; ЕТКД–37389 теңге; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20191 теңге; ең төменгі зейнетақы мөлшері 48032 теңге болып белгіленді).

Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, I топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамдарға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылардың төлемдері күнкөріс деңгейі мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылды.

Бұған қоса, ерекше ауыр және зиянды жағдайда жұмыс істеген адамдар үшін  мемлекеттік арнайы жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, сондай-ақ, балалар жәрдемақысының мөлшері АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты көбейтілді. Нәтижесінде, облыс бойынша 243,7  мыңнан аса зейнетақы және жәрдемақы алушының (оның ішінде зейнетақы алушылардың саны – 77,4 мың адам) төлемдері сәуірдің бірінен бастап  қайта есептеліп, биылғы  маусым  айынан бастап төленеді. Бұл ретте 2 айға (сәуір, мамыр) қосымша төлеммен көбейтілген мөлшерде төленіп, ал шілдеден бастап 1 айға көбейтілген мөлшерде төленетін болады.

Ертілеу Жалғасбаев,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің

облыс бойынша департамент басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<