Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертеңгі күні ел тұтқасын ұстар азаматтар-бүгінгі мектеп партасында отырған түлектер. Білім беру ұйымдарының бүгінгі жайы, даму перспективасы қоғамымыздың басты назарында. Бүгінде жазушы М.Әуезов айтқандай, «Ұстаз-ұлы тұлға» атағына лайықты қаншама білім саласы мамандары тынымсыз еңбек етуде. Бұл мамандарға қойылар талаптар да ауқымды. Олар білімді болуымен қатар, жеке басының мәдениеті, адамгершілік тұлғасы, парасаттылығы мен өмірлік ұстанымы жастарға үлгі боларлықтай биіктен көрінуі шарт. Осы мақсатты жүзеге асыруда облыстық білім басқармасы, республикалық «Ұлттық құндылықтар академиясының» облыстық орталығы, облыстық білім саласы Ардагерлер кеңесі ұлағатты ұстаз, КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі, профессор Қанипа Бітібаеваның педагогикалық іс-тәжірибелері арқылы жас мамандардың педагогикалық қызығушылықтарын арттыру және шығармашылық әлеуетін дамыту, кәсіби біліктілігін арттыру, олардың іскерлік, кәсіби шеберліктерін шыңдау, мектеп ұжымына, оқушылар мен олардың ата – аналарына деген коммуникативтік қарым-қатынасын өмірлік тәжірибемен ұштастыру мақсатында Г.Құдайбергенова, С.Әбішева, Б.Баймұқандар авторлығымен жарық көрген «Қазақтың Қанипасы» кітабы бойынша ардагер ұстаздар мен жас мамандар арасында «Ой-қазына» алаңын «Мәдениет пен ұлттық салт-дәстүр күні» ұйымдастырды. Алаң жұмысына облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Қали мен облыстық білім саласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Бекеновтер сәттіліктер тіледі. Бағдарлама 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде 1-7 жыл арасында тәжірибесі бар мұғалімдер 5 минуттық панорамалық сабақ көрсетті. Атап айтқанда, Жалағаш ауданындағы №123 мектеп-лицей мұғалімі Досқалиева Ұлжан, Қазалы ауданындағы №170 орта мектептің мұғалімі Сәния Жарылқаповалар өз шеберліктерімен танылды. Жас мамандардың өз мамандықтарына деген аса құрметтері қатысушыларды сүйсінтті. «Ардагер ұстаз тәжірибесінен» кезеңінде берілген көркем шығармаларды талдау арқылы ұлттық құндылықтар мен тәрбие тағылымдарын танытудағы өз тәжірибелерімен ардагер ұстаздар 5 минутық сабақ үлгілерін берді. Еңбек демалыстарына шыққандарына он жылдан аса уақыт өтсе де мамандықтарына өз құрметтерін білдірген 8 ардагер қатысушылардың құрметтеріне бөленді. Қызылорда қаласынан Қ.Боранбаева, қармақшылық Р.Қаратаева М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасындағы бауырмалдықтан да ел намысының жоғары болуын саралаған құндылық туралы жүйелі ой түйінін жас мамандардың қойын дәптерлеріне түртіп алуының өзі ардагер ұстаз еңбегіне деген құрмет.
«Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасы» бойынша халқымызға тән құндылықтарды саралауда Шиелі ауданының қатысушысы Жанадилова Перуза Жанәділқызының сабақта қолданған көрнекілігі, сол кезеңдегі қылқаламмен салынған құлагер суреті ардагерлердің көрнекіліктерді қалай дайындайтындықтарын танытса, ал Жалағаш ауданының қатысушысы, Еңбек ардагері төсбелгісінің иегері Бақыт Кәнтаева Ақтамберді толғауларын толғаса, «Ердің бақыты –әйел» тақырыбы бойынша Қазалы ауданындағы №266 мектептің ардагер ұстазы, Қазақ ССР ағарту ісінің озық қызметкері Айжахан Ысқақ Мәжінқызы жар таңдау мәселесінде бабалар тәжірибесінен тағылым алудың маңызына тоқталды. Аралдық Нұрхожаева Үрпашта, сырдариялық Қалқоразова Ұлбосын өз тәжірибелерімен бөлісті. Өз мамандығыңды сүю, құрметтеудің жас талғамайтындығына көз жеткізген қатысушылар ыстық ықыластарын ұзақ қол соғуларымен танытты.
«Ой-қазына» алаңының үшінші кезеңінде Г.Құдайбергенова, С.Әбішева, Б.Баймұқандардың авторлығымен жарық көрген «Қазақтың Қанипасы» шығармасынан тиімді эпизодтарды талдау, бүгінгі мұғалімге қажетті ақпараттарды тану арқылы «Мінсіз мұғалім болу үшін қандай өз бойымызда құндылықтар болуы қажет?» сұрақтары төңірегінде ой додасында құнды пікірлерімен қажетті ақпараттарды ой бағамы арқылы танытқан қатысушылар отбасы құндылығы, ата-анамен жұмыс, мұғалімге қатысты этикеттер мен бала психологиясын тану жолдарын, сабақ үрдісінде кез келген ситуациядан шығу жолдарын өз пайымдары тұрғысынан зерделей келе, бұл кітап бойынша аудандарда жас, орта буын мұғалімдермен «Ой-қазына» алаңының жұмысын ұйымдастырудың қажеттіліктері жайында ұсыныстарын білдірді. Аралдық №83 орта мектеп мұғалімі Жарылқапова Перуза отбасындағы әке тәрбиесімен қалыптасқан Қанипа апайдың ұстаздық болмысын ашса, жалағаштық №201 мектеп-лицей мұғалімі Қанбаева Шолпан ата-ана жиналысына қатыспайтын ата-аналармен жұмыс жасау жөніндегі үзінділерді өз тәжірибесінде қолдануы қажеттілігіне тоқталды. Қазалылық №93 орта мектептің зерттеуші мұғалімі Рахмет Райса Америка сапарына тоқталып, ондағы оқыту жүйесінің біздің елден айырмашылықтарын саралады. Ал, қармақшылық №105 орта мектеп мұғалімі Нұрперзент бағалау жөніндегі ой-пікірін жан-жақты талдай алды. Қызылордалық №212 орта мектеп ардагері Алтын Сыбаева мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу мәселеріне талдау жасады. Сырдариялық Қаршығаева Таңшолпан мен шиелілік №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектеп мұғалімі Әуезханова Самал Ержанқызы да ұтымды ойларын таныта білді.
Қазақстанның құрметті азаматы төсбелгісінің иегері, Халықаралық тренер, республикалық «Ұлттық құндылықтар академиясының» облыстық орталығы төрағасы Орманова Мария Айтбайқызы сайыс барысында әрбір айтылған ой-пікірлерді қорытындап, ой сабақтастығының тізгінін ұтымды қолға ала білді.
Алаң қазылары білім саласының майталмандарынан құралды.
Қорытындылауда қазылар алқасының төрайымы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері, Қызылорда облысының құрметті азаматы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қызылорда «Болашақ» университетінде филология, журналистика және тарих кафедрасында аға оқытушысы, Әбдіхалықова Әлима Жақыпқызы жас мамндардың ғылыми педагогикаға; Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының ардагер ұстазы, ф.ғ.кандидаты, университеттің құрметті профессоры Жанбершиева Ұлжан Нахатқызы мұғалімнің сөйлеу этикасына, сөз мәдениетіне назар айдаруды ұсынды. Облыстық білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Б.Бекенов қатысушыларды арнайы дипломдар мен Алғыс хаттармен марапаттады.
«Ой-қазына» алаңына демеушілік жасаған «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің директоры М.Қ.Дәулетбаеваға және «Балақай-кzo» ақ кәсіпкері Жанат Әуесбайға шынайы Алғысымызды білдіреміз.
Байқау қорытындысында жас мамандар барлық ауданда мұғалімдермен жас мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, ұрпақтар сабақтастығы арқылы көркем мәтіндерді талдауда оқушылардың функциональдық сауаттылықтарын арттыру; мәтіндегі ұлттық құндылықтар қағидатын бала бойына сіңірудегі ізденістерімен өзара тәжірибе алмасу, жастар бойына елжандылықты дамыту, ұлттық мәдениетке, дәстүрімізге деген құрметті дәріптеу мақсатында Г.Құдайбергенова, С.Әбішева, Б.Баймұқандардың авторлығымен жарық көрген «Қазақтың Қанипасы» шығармасы бойынша «Ой-қазына» алаңын жүргізуге ұсыныстарын білдірді.
Сонымен бірге «Жас мамандар» мектебін ұйымдастыру қажет деген ұсынысымызды да білдіргіміз келеді.
Хамила Алиакбарова,
Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері,
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің
үздігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<