Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы туған анасын тапты

1105

0

Америкалық отбасы асырап алған этникалық қазақ қызы Эйжа Бергер туған анасын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эйжа биологиялық ата-анасын іздейтіндігін Facebook-тегі Kazakh American Association (Қазақстандық-америкалық қауымдастық) паблигінде жазған-ды.

«Туған анаммен байланысқа шықтым, біз өте бақыттымыз. Көмек көрсеткен барлықтарыңызға үлкен рахметімді айтамын», – деп жазды Эйжа Бергер бұған дейін Kazakh American Association (Қазақстандық-америкалық қауымдастық) паблигінде қалдырған жазбасындағы қосымша пікірінде.

Бұған дейін америкалық отбасы асырап алған этникалық қазақ қызы Эйжа Бергер өзінің биологиялық ата-анасын іздейтіндігін, Facebook парақшасында журналист Талғат Алмановқа берген сұхбатында оған не түрткі болғандығын айтқанын хабарлаған едік.


 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<