Ел біріксе бұл қиындықты да еңсереді

334

0

Фото: ашық дереккөз

Бүгін арнайы ақпарат көздерінен Мемлекет басшысының елімізде орын алып жатқан соңғы апаттық  жағдайларға байланысты арналған үндеуін тыңдадық.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде ешбір жанның назардан тыс қалмайтынын, сондай-ақ бұл жағдайлар алдағы уақытта бізге сабақ болатынын жеткізді.

Ел Президентінің бұндай сәтте жариялаған үндеуі зардап шеккен халықтың көңіліне үлкен серпіліс болды.

Иә, расымен де осындай дүрбелең сәтте бір-бірімізге қолдау көрсетіп,  нақты шешімдер қабылдаудың маңызы зор.

Күшіміз-бірлікте. Қиналған жанға көмек қолын созып, қабылданған жоспар бойынша әрекет етсек, еліміз бұл жағдайды да еңсеріп шығатынына сенім мол.


Жұмабай ЖАҚЫП,

Арал ауданының Құрметті азаматы, 

ардагер журналист

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<