Әлеуметтік желіде Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың «Хуторлықтар» деп аталатын топ өкілдері тарапынан соққыға жығылып, ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Orda.kz.
Алайда Шерзат Полаттың қорғаушысы Мейірман Шекеев өзінің Instagram парақшасында бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Қаржаубай дін аман. Ешкімге ешқандай зиян келген жоқ. Мұндай жалған ақпаратқа сенудің қажеті жоқ», — деді адвокат.
Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде аталған отбасыға қатысты басқа да шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер тарап жатыр. Ол бұл ақпараттарға қатысты да алдағы уақытта ресми түсініктеме берілетінін жеткізді.