«Қолымнан мәйіттің иісі шығады, тамақ жей алмаймын» – жерлеушілер

565

0

Фото: 7k.uz

Зілзала болған аймақта күніне 100-ге жуық мәйіт тасыған жерлеушілердің де психологиясы нашарлады деп хабарлады turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Кахраманмараштағы жер сілкінісінен бері 14 күн өтті.

Ұзақ уақыт үйінді астында жатқандықтан өлі денелерден иіс шыға бастаған. Бұған осы жақтағы жерлеушілер куә.

«Біз осы уақыт ішінде көптеген өлі денелерді тасыдық. Уақыт өткен сайын мәйіттен иіс шыға бастайды. Соңғы күндері үйінді астынан өлі денені бірінен соң бірін алғандықтан, қолымнан иіс шыға бастады. Тіпті мәйіттердің иісінен тамақ жей алмай қалдым», – деді жер сілкінісінен кейін Адыяманға келген Мұстафа Четинкая.

Ал 26 жыл осы жұмыспен айналысып келе жатқан Хақтан Қабай «Міндетіміз осы болғанымен, мұндай жаназаларға үйренбегенбіз, психологиямыз бұзыла бастады» деді.

«Біздің көліктің сыйымдылығы екі дене. Адыяманда 6 мәйітті көлігімізге салған күндер болды. Көрініс жүрегіңді ауыртады. Мал-мүлік деген бос әурешілік екен ғой деген ойға келесің. Біз сөздің біткен жеріндеміз. Күніне 100 мәйітті көрдік, бұл оңай емес. Психологиямызға әсер етіп жатыр. Қазір мәйіттерден иіс шыға бастады. Алдыңғы күні үйінді астынан бір адамды шығардық. Туыстары диагноз үшін келді, иіске екі секунд қана шыдады», – деді ол.

Сонымен қатар ерікті ретінде барған жас жігіт үлкен қалалардан мәйіттің иісі шығатынын айта келе, «Біз қираған жерлерге кірген кезде тек мәйіттердің иісін сеземіз. Мұндай апатты мен бірінші рет көріп тұрмын, оны қалай сипаттарымды білмеймін. Оны түсіну үшін, келіп көру керек» деді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<