Түркияда министрдің көз алдында оқыс оқиға болды (Видео)

492

0

Фото: ашық дереккөз

Елдің жер сілкінісінен зардап шеккен аймағына сапары кезінде Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджаның көз алдында өрт шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AHABER басылымына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы күшті жер сілкінісінен кейін Түркияның Кахраманмараш қаласына ресми сапармен келген.

Өрт министр шатырлар алдында медицина қызметкерлерімен сөйлесіп тұрған кезде тұтанғаны атап өтілді. Ол жерде от жанып тұрған. Түрік ақпарат құралдары мәліметінше, министрдің денсаулығы жақсы. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Сурет: AYKIRI

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<