Түркияда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 20 мыңнан асып кетті

371

0

Фото: ашық дереккөз

Жаңартылған мәліметке сенсек, Түркияда жер сілкінісінде шейіт болғандар саны 20 мыңнан асқан, 80 мыңы жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия үкіметі жанындағы апаттар мен төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) соңғы мәліметіне сенсек, Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны осы сағатқа дейін 20 213-ке жеткен, 80 052 адам жараланды.

Айта кетейік, Түркияда жер сілкінісіне ұшыраған провинциялардағы ғимараттарды салған және қабылдап алған жауапты адамдарға қатысты тергеу басталды. Бұл жайында Түркияның Әділет министрі Бекир Боздағ мәлімдеді.

Осылайша кеше Хатай қаласында жер сілкінісі кезінде құлаған «Ренессанс» резиденциясының мердігері Мехмет Яшар Кошкун Ыстанбұл әуежайында ұсталды.

Түркиядағы алапат зілзала 6 ақпан күні Түркияның Кахраманмараш-Пазарджик ауданында 7,7 балл қуатымен және Эльбистанда 7,6 балл қуатымен басталған еді.

Жер сілкінгеннен кейін артынан 648 афтершок болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<