Түркияда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 21 мыңнан асты

484

0

Фото: ашық дереккөз

Жаңартылған мәліметке сенсек, Түркияда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 21 мыңнан асқан, 80 мыңы жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия үкіметі жанындағы апаттар мен төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) соңғы мәліметіне қарағанда, Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 21 043-ке жеткен, 80 097 адам жараланды.

Түркиядағы алапат зілзала 6 ақпан күні Түркияның Кахраманмараш-Пазарджик ауданында 7,7 балл қуатымен және Эльбистанда 7,6 балл қуатымен басталған еді.

Жер сілкінгеннен кейін артынан 648 афтершок болған.

Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда сезілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<