«TURGYNDAR AMANATY»: Мақсат – жайлы өмірге жағдай жасау

4

0

Кеше облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, «АМАNАТ» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мамандарының қатысуымен «TURGYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті. Онда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласының көпқабатты тұрғын үйлерін ыстық сумен қамту жобасы жүзеге асырылып, бүгінде тұрғындар оның игілігін көруде.

Тұрғын үй қорын жаңарту тұрақты бақы­лауымызда. Үш жылда 3 млрд 500 млн теңгеге 65 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Қызылорда қаласында 1 млрд 775 млн теңгеге 60 ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері заманауи панельмен қапталды, 4 млрд теңгеге қосымша 70 тұрғын үй жаңартылуда. Аулаларға демеушілер есебінен 80 спорт, ойын алаңы орнатылды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елді мекендерді абаттандыру, қоршаған ортаны таза ұстау, көгалдандыру және эко­логиялық мәдениетті қалыптастыруда ауқымды шаралар ұйымдастырылып келеді. Мақсат – тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау.

Форум аясында көтерілген бастамалар еліміздегі және Сыр өңіріндегі тұрғын үй саласының дамуына оң серпін береді деп сенемін. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Басқосуда Ержан Жұматұлы, Мархабат Жайым­бетұлы, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Тұрсынбайұлы, «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылықты жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ департамент директоры Марғұлан Жеңісұлы, облыстық энергетика және тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық басқармасының бас­шысы Медет Усаинұлы, Қызылорда қала­сының әкімі Нұржан Сәбитұлы, Пәтер иелері ассо­циациясының Қызылорда қаласы бойынша төрайымы Ілімжаухар Кеңесқызы сөз сөйледі.

«СБ» ақпарат