Үйінді астынан тірі табылған қазақ қызының жағдайы белгілі болды

539

0

коллаж: Halyq Uni

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы зілзаладан кейін тірі табылған Сабина Мамадиярованың жағдайы туралы айтты. 

Оның қолына операция жасалды. Біздің Анталиядағы бас консулымыз барып дәрігерімен кездесті. Қазіргі таңда ол әлі дәрігерлердің бақылауында, жанында туыстары бар – деді Айбек Смадияров. 

Айта кетейік, 8 ақпанда Түркиядағы Хатай провинциясының Антакья қаласында іздеу жұмыстары кезінде Сабина Мамадиярова тірі табылған болатын. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<