Әлеуметтік желіде үй тазалап танымал болған Нұрхан Нұрмаханбет көлік алып, оқырмандарынан сүйінші сұрады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бұл – оның екінші көлігі.
Әлеуметтік желі қолданушылары оған ізгі тілегін білдіріп, табыс тіледі.
«Құтты болсын», «Жарайсың, бауырым. Құтты болсын! Еңбегің жана берсін! Баса бер!», «Мақсатыңа жете бер», – деп жазды олар.
Еске салайық, бұған дейін 20 жастағы жігіт айына қалай 15 миллион табатынын айтқан болатын.
Фото жеке архивтен, Massaget.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<