Алдағы демалыста Қазақстанда күн жылынады

871

0

«Қазгидромет» синоптиктері 9-11 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон әсер ететін болады. Осыған байланысты еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы оң көрсеткіштерге дейін көтеріледі. Республиканың басым бөлігінде жаяу бұрқасын соғып, қар жауады. Оңтүстікте жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<