Бүгін «Наурызнама» онкүндігі бойынша «Шаңырақ күні». Осыған орай, Отбасын қолдау орталығында жаңа отау көтерген жастардың неке қию және келін түсіру рәсімдері өткізілді.
Қазақы дәстүрге сай беташар рәсімі ұйымдастырылып, отбасы құндылықтары дәріптелді.
Одан соң салтанатты түрде жастардың некесі қиылып, жас отау иелеріне куәлік пен сый-сияпат табысталды.
Ауданымызға белгілі мәдениет саласының ардагері, өнегелі отбасының ардақты ақсақалы Байнияз Тілепов жұбайымен бірге жас жұбайларға бата беріп, елімізге бақ-береке тіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<