Көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайды

211

0

Фото: қала әкімдігі

Халықтың күнделiктi тiршiлiгiнде шешiмiн таппай жүрген мәселелер аз емес. Осы ретте, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, олардың шешiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал ету мақсатында шаһар басшысы Нұржан Ахатов азаматтарды жеке қабылдады.

Кезектілік тәртібімен жазылып, қабылдауға келгендердің басым көпшілігі жұмыспен қамту, әлеуметтік жәрдемақы алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың тәртібі туралы сұраса, енді бірі баспанамен қамту, көше атауы, жол, газ, жарық, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мәселелерін айтты.

Қала әкімі Нұржан Сәбитұлы талап-тілегін арқалай келген тұрғындардың ұсыныстарына жауап берді және көтерілген мәселелердің рет-ретімен шешілетіндігін жеткізді.

Ашықтық пен жариялылық жұмыс тиімділігін арттырады десек, алдағы уақытта тұрғындардың уәждері бойынша мәселелер зерделеніп, салалар бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<