Құрылтай

Қызылордада бірнеше шағын ауданда жарық сөнді

4

0

Фото: Pixabay

Қызылорда қаласының тұрғындары жарықсыз қалғанына шағым білдірді. Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы мұның себебін «КЕGОК» АҚ автоматика желісінде тіркелген апаттық ақаумен байланыстырып отыр.

– Ақауға байланысты 35/10 кВ әуе желісінде электр энергиясы ажыратылды. Осыған байланысты қазіргі уақытта қаланың Орталық алаң, Саяхат, СПМК-70, Арай, Теміржол вокзалы, ⁠КБИ, Тасбөгет, Сабалақ, Наурыз және Коммунизм шағын аудандарында жарық уақытша өшірілді. Қазіргі таңда «КЕGОК» АҚ және «ҚЭТТК» АҚ мамандары бірлесіп, ақауды жедел жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Апаттық бригадалар күшейтілген режимдегі жұмысқа кірісті, – делінген хабарламада.

Мамандар электр энергиясын мүмкіндігінше қысқа мерзімде қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылданғанын мәлімдеді.