Құрылтай

Пробация есебіндегі азаматтардың балаларына көмек көрсетілді

6

0

Фото: ҚАЖД

«Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясы аясында Қармақшы ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың балаларына оқу құралдары табысталды. Іс-шара аудан әкімдігі мен аудандық прокуратураның, сондай-ақ пробация қызметінің бірлесуімен ұйымдастырылды.

Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету, сондай-ақ әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке бармауының алдын алу.

Осы мақсатта пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың балаларына мектепке қажетті оқу құралдарының толық жиынтығы салынған арнайы пакеттер табысталды. Көрсетілген көмек балалардың жаңа оқу жылына қажетті құралдармен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік беріп, отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетті. Көмек алған азаматтардың бірі ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

– Бүгін балаларыма көрсетілген көмек біз үшін үлкен қолдау болды. Осындай қиын кезеңде назардан тыс қалдырмай, балаларымыздың мектепке дайындалуына жағдай жасап отырған аудан әкімдігіне, прокуратура қызметкерлеріне және пробация қызметіне шынайы алғысымды білдіремін. Балаларымыздың қуанышын көру – біз үшін ең үлкен бақыт, – деді ол.

«Мектепке жол» акциясы балалардың сапалы білім алуына жағдай жасауға және әр баланың оқу жылын қажетті құралдармен қамтамасыз етіп бастауына қолдау көрсетуге бағытталған.