Қызылорда қаласында күн сайын 260 автобус жолаушы тасымалдайды. Жаңа оқу жылы басталысымен қоғамдық көлікке түсетін жүктеме едәуір артады деп болжанып отыр.
Қызылорда автобус паркінің мәліметінше, осыған байланысты 25 тамыздан бастап қалаішілік автобус бағыттары күшейтілген жұмыс режиміне көшеді.
— Қазіргі таңда үлкен сыйымдылықтағы автобустар қалалық бағыттар бойынша қызмет көрсетіп жүр. Олардың қозғалыс интервалы — орта есеппен 12-15 минут. Көліктердің техникалық жағдайы күн сайын тексеріліп, ақау анықталған жағдайда қызмет көрсетуден босатылып, орнына резервтік автобус жіберіледі. Жаңа оқу жылында оқу орындары орналасқан аумақтардағы жолаушылар ағыны ескеріліп, автобустардың қозғалыс интервалы барынша қысқарады. Сонымен қатар қозғалыс кестесінің қатаң сақталуы қамтамасыз етіледі, — делінген хабарламада.






