Құрылтай

Облыстық перинаталдық орталығы жаңа медициналық құрал-жабдықтармен толықты

4

0

Фото: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Облыстық перинаталдық орталығы жаңа туған нәрестелерге қажеттi медициналық құрал-жабдықтармен толықты. Яғни «AYALA» қайырымдылық қоры орталыққа жалпы құны 2 832 000 теңгенi құрайтын аппараттар табыстады.

Атап айтар болсақ, Билирубинометр – 2 дана (жалпы құны 1 980 000 теңге); Жаңа туған нәрестелерге арналған фототерапия құрылғысы – 1 дана (құны 852 000 теңге).

Жаңа туған нәрестелердің денсаулығын бақылауда билирубин деңгейін дер кезінде анықтау және қажет болған жағдайда фототерапия жүргізу маңызды десек, табысталған заманауи медициналық жабдықтар дәрігерлерге сәбилердің денсаулық жағдайын уақытылы бағалап, қажетті емді дер кезінде бастауға мүмкіндік беретiн болады.