Құрылтай

«Маскадағы адам» Димаш болуы мүмкін бе: Танымал актер жауап берді

41

0

Фото-коллаж: Arasha.kz

«Тамаша» әзіл-сықақ театры арқылы көпшілікке танылған актер Алмат Сақатов әнші Димаш Құдайберген туралы пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі Qazaq Airan YouTube-жобасына берген сұхбатында әлеуметтік желіде «Маскадағы адам» деген атпен танылған жұмбақ блогердің кім болуы мүмкін екеніне қатысты ойын айтты.

Бұған дейін желі қолданушылары мұқтаж жандарға көмектесіп жүрген белгісіз азаматтың Димаш Құдайбергенге ұқсайтынын жиі жазған еді.

«Димаш болуы да ғажап емес. Қазір ол өте танымал, халықтың назарында жүрген тұлға», – деді Алмат Сақатов.

Сұхбат барысында актер Димаштың әлемдік деңгейдегі жетістіктерін де жоғары бағалады. Оның пікірінше, әнші қазақ өнерін халықаралық аудиторияға танытуға үлкен үлес қосып жүр.

«Соңғы 70 жылдағы қазақ өнерінің өкілдерін түгел жинасақ та, олардың еңбегі Димаштың жетістігіне жете қоймас. Бұл сөзім үшін сынауы да мүмкін. Бірақ Димаштай әлемнің түкпір-түкпірінде ән салып, қазақтың атын танытқан өнерпаз бұрын-соңды болған емес. Ол – тарих жасаған азамат», – деді актер.