Құрылтай

ЖИ және мемлекеттік қызмет сапасы

4

0

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысының күн тәртібінде жасанды интеллект негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің экожүйесіне қатысты мәселе талқыланды. Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысып, Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай бекітілген өңірлік іс-шара жоспарына тоқталды.

– Облыстағы мемлекеттік органдар мен оларға бағынысты мекемелер 196 негізгі мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ком­мерциялық емес акционерлік қоғамының облыстық филиалына қарасты 13 бөлім және 1 байланыс орталығы жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу үшін жергілікті атқарушы орган­дарда, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ұйымдастырылған. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін тұрақты бақылауда ұстау қажет, – деді облыс әкімі.

Жиында тұрғындардан келіп түскен өтініштердің мерзімінде орындалуы, еңбек ұжымдарындағы жұмысшылар құқығының қорғалуы бойынша жауапты сала басшы­ларына бірқатар тапсырма жүктелді.

Бүгінде барлық ауданда әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлер құрылысы басталды. Мұрат Нәлқожаұлы аудан әкім­деріне құрылысты уақытылы аяқтауды тап­сырып, талапқа сәйкес келмейтін тұр­ғын үйлер қабылданбайтынын қатаң ескертті.

«СБ» ақпарат