Құрылтай

Аудан әкімі жастармен еркін форматта кездесті

5

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Бүгін 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай аудан әкімі Ардақ Ибраимов ауданның белсенді жастарымен еркін форматта кездесу өткізді.

Кездесу барысында аудан әкімі жастарды мерекелерімен құттықтап, өңірде жастар саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен қолға алынған жобаларға тоқталды.

«Сіздер – елдің жаңаруы мен дамуының негізгі қозғаушы күші, жаңа идеялардың бастамашысы, ел ертеңінің үмітісіздер. Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстан жастары үшін маңызды үш бағытты атап өтті. Олар – терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық. Еліміздің келешегі – білімді, білікті, отаншыл әрі белсенді жастардың қолында. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жастардың сапалы білім алуына, еңбек етуіне, кәсіп бастауына және өз әлеуетін жүзеге асыруына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Сіздердің білімдеріңіз бен жігерлеріңіз, жаңа идеяларыңыз бен бастамаларыңыз еліміздің, туған жеріміздің дамуына үлкен серпін беретініне сенім мол. Жастардың әрбір жетістігі – елдің жетістігі. Сондықтан туған жердің өркендеуіне белсенді атсалысып, қоғамның дамуына өз үлестеріңізді қосуға шақырамын. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шабыт, биік мақсат және толағай табыс тілеймін! Жастар күні құтты болсын!» – деді А.Ибраимов.

Кездесуде аудан әкімі жастармен еркін форматта пікір алмасып, олардың сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ жастардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Жиын соңында белсенді жастар облыс әкімінің және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Бүгінде ауданымызда 14 пен 35 жас аралығындағы 10 735 жас бар. Бұл аудан халқының 30,2 пайызын құрайды.

Қазіргі таңда жастардың азаматтық белсенділігі артуда. Аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Жалынды жас» еріктілер клубының мүшелері түрлі қоғамдық және қайырымдылық шараларға белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсету бағытында игі істер атқарып келеді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі