Құрылтай

«Invest Caravan» форматында аудан кәсіпкерлерімен кездесу өтті

4

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен «Invest Caravan» форматы аясында кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Мәжіліске аудан прокуроры Талғат Бектұрсынов қатысты. «Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес және Бас прокуратураның «Invest Caravan» республикалық акциясы аясында бүгін арнайы бас қосып отырмыз. Кездесудің негізгі мақсаты – аудан экономикасының дамуына үлес қосып, жаңа жұмыс орындарын ашып жүрген кәсіпкерлердің жұмысымен танысу, ұсыныс-пікірлерін тыңдау. Бүгінде Мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті дамытуға, кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған нақты шаралар жүзеге асырылуда. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, кәсіптеріңізді кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде аудан экономикасының дамуына, өндіріс көлемінің артуына және халықты жұмыспен қамтуға оң әсерін тигізеді», – деді А.Ибраимов.

Жиында аудан прокуроры Талғат Бектұрсынов сөз сөйлеп, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік қолдау шаралары және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға жол бермеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Кездесу барысында кәсіпкерлерге жұмыспен қамтылған азаматтарлың саның анық көрсету және еңбек заңнамасына сәйкес рәсімдеу, жұмысшылардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мен зейнетақы қорына аударымдарының уақытылы әрі заң талаптарына сай жүргізілуін қамтамасыз ету міндеттелді.

Сондай-ақ, аудан прокуратурасының прокуроры Әділжан Оразғали, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Мардан Жамалатов баяндама жасап, инвестициялық жобаларды іске асыру және кәсіп иелерінің мәселелерін шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Кездесу барысында кәсіпкерлер өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі