Құрылтай

Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мәселесі талқыланды

3

0

Фото: Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Мәжілісте жасанды интеллект негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің экожүйесіне қатысты мәселе талқыланды.

Аудан басшысы тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және азаматтардың өтініштерін сапалы әрі белгіленген мерзімде қарау басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

– Мемлекеттік қызмет көрсету – халықпен тікелей жұмыс істеудің маңызды тетігі. Сондықтан әрбір қызмет сапалы, қолжетімді әрі белгіленген мерзімде көрсетілуі тиіс. Заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру қажет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Жиында мемлекеттік органдар көрсететін қызметтердің сапасын тұрақты бақылауда ұстау, тұрғындардан келіп түсетін өтініштерді белгіленген мерзімде қарау және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар қосымша мәселелер қаралып, жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктелді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі