Құрылтай

Жерлесіміз Аянат Жұмағали Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

4

0

Фото: Жаңақорған ауданы әкімдігі

Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Аянат Жұмағали 77 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Қоссайыс қорытындысы бойынша 237 кг (104+133) көтеріп, алтын медаль иеленді.

Екінші орынды Өзбекстан өкілі Дильнура Холдорова 224 кг (101+123) нәтижесімен алды. Қола жүлде тағы бір өзбекстандық Дильноза Файзуллаеваға бұйырды – 223 кг (100+123).

Осылайша, Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында төртінші алтын медалін жеңіп алды. Бұған дейін Снежана Кашкарова, Бейбарыс Ерсейіт және Ақжол Құрманбек чемпион атанған еді.