Бәйтерек бейнеленген гобелен

1193

0

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы «Ақмешіт» музейінде құнды дүниелер сақталған. Соның бірі – Қазақстанның белгілі суретшілері Әлібай және Сәуле Бапановтардың  қолынан шыққан кілемше.

Бір қарағанда тақыр кілем секілді көрінетін гобеленде су астындағы және жер бетіндегі тіршілікті айқындайтын көріністер бейнеленген.

Сондай-ақ, шағын ғана кілемшеде қазақ­тың ұлттық құн­дылық­тарының бәрі тоғысқан.

– «Бәйтерек» атты гобелен – негізінен көркем шығармашылық туынды. Ондағы бейнелеген әрбір детальға қарап, ұлтымызға тән дәстүрді, ғұрыпты көруге болады. Жалпы ерлі-зайыпты Бапановтардың қай шы­­­ғармасын алсаң да, өзіндік ерекшелігімен кө­рермен жүрегін баурайды.  Сондықтан да түрлі тақырыпта гобелен тоқып жүрген шеберлер туындылары  ерекше бағаланады, – дейді «Ақмешіт» музейінің мең­герушісі Кенже ­Ахме­това.

Жалпы музейде сақ­талған бұл экспонат 2006 жылы суретшілердің өз қолынан алынған.  Жүн және мақта жіптерінен тоқылған кілемшенің кө­лемі 360х274.

Айта кет­сек, сурет­шілердің тарих пен болашақ,  ұлттық болмыс пен  дәстүрді қамтыған ма­ғынасы те­рең өнер туындылары жетерлік. Бүгінде олардың дені елімізде ғана емес, шетелдерде де  көрмелерге қойылып келеді.

М.ОТАРАЛЫ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<