Баркалла-рахмет

1303

0

Өмірден өткен үлкен­де­рі­міздің қазақ халқынан көрген шапағаты, жақсы­лық­тары туралы айтылған әңгімелері әмісе есте. Атамыз бізге «Бар­лық уақытта қазақ­тарды құрмет­теңдер» деген өсиет сөз қалдырды. 

Қазақтардың өздері мұқ­таж болып отырған кезде де қолындағы барын бізге бөліп берген жомарттығы жарас­тық пен татулық тәліміне ұласты. Жергілікті халықтық жан жылуы шешен, ингуш секілді көптеген жер ауып келгендердің тұрмыс тау­қыметін жеңіп, өмірін жал­ғастыруға, өмірлік бір болуға алып келді. Міне, қазақтардың осындай мәрттігі мен кеңдігі біздің бақытты өмірімізге, екі халықтың мәңгі достығына кепіл болды.

Мен бүгін аталарымының атынан қазақ халқына өз тілімдегі өте қарапайым, бірақ өте қым­бат «Баркалла» деген сөзді қай­талап айтамын. «Рахмет» деген мағынадағы осы сөзді біз еш­қа­шан аузымыздан тастамаймыз.

Өйткені, осы бір кең даласындай дархан халық бізге бүгінгі күні­міздің қуанышын сыйлады.

Шын жүрегімнен алғысымды айта отырып, барша қазақ халқын Алғыс айту күнімен құттықтаймын.

Сайдселим ХАЗУЕВ,

«Вайнах» облыстық

шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<