Бюджет қаражатын тиімді пайдалану бағытында семинар-кеңес өтті

243

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру» тақырыбында Жалағаш ауданында семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Семинар кеңеске Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті, Қызылорда облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының және аудандық Қазынашылық басқарма өкілдері, аудан әкімінің орынбасары, аудандық мемлекеттік мекемелерінің, кәсіпорындарының басшылары, аудандық барлық салалар бойынша есепші мамандар қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес мемлекттік аудит, қазынашылық органдарының, мемлекеттік сатып алу саласының өкілдері баяндама жасады.

Семинар кеңесті ұйымдастырудың негізгі мақсаты, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қаржылық бұзушылықтардың алдын-алу, қаржылық тәртіпті нығайту және бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.

2023 жылы тексеру комиссиясымен 21 аудиторлық іс-шара бойынша 157 аудит объектілері тексерілген. Оның ішінде 60-ы үстеме тексерулер.

Аудитпен қамтылған қаражат – 191,2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты – 35,8 млрд. теңге, жергілікті бюджет қаражаты – 155,4 млрд. теңге.

Мемлекеттік аудит нәтижесімен жалпы 37,7 млрд. теңгенің бұзушылықтары анықталған, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 4,8 млрд. теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаржысы, мемлекет активтері – 8,1 млрд. теңге, тиімсіз жоспарлау – 24,8 млрд теңгені құрады.

Тексеру барысында білім, денсаулық, аудандық бөлімдер және басқада салалар қамтылды. Орын алған заң бұзушылықтар бойынша сот, уәкілетті органдарға негізінен қарау үшін 1 114 әкімшілік материалдар жолданып, 313 тұлғаға 32,1 млн. теңге әкімшілік айыппұл салынса, 753-не «ескерту» түріндегі әкімшілік жаза қолданылған.

Жол берілген бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша 90 нұсқама қабылданып, тиісті мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға 207 тапсырма мен ұсынымдар (ұсыныстар) берілген.

2024 жылы 24 аудиторлық іс-шара бойынша 140 аудит объектілерін қамтуды жоспарлап отырмыз. Соның ішінде білім, денсаулық, спорт салаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерін тексеру жоспарлануда.

Семинар кеңес қорытындысымен есепші мамандарды арнайы курстардан оқытып біліктілігін арттырып отыру бойынша ұсыныс мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор басшыларына ұсынылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<