Бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді

295

0

Фото: ашық дереккөз

Синоптиктер 17 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Синоптиктер болжамынша, 17 наурызда түнде және таңертең Қарағанды облысың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Астана қаласында 17 наурызда түнде және таңертен тұман күтіледі. 17-18 наурыз аралығында температуралық фонның жоғарылауы болжамына байланысты Жамбыл облысында (Сарысу, Талас және Жуалы аудандары) қарқынды қар еруі, еріген қар, беткейлік ағынының қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін. 19 наурызда күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 17-19 наурызда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 17-19 наурызда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 17 наурызда екпіні 25 м/с күтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<