ДДСҰ алғаш рет балаларды коронавирусқа қарсы вакциналауға рұқсат етті

351

0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) балалар мен жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакциналауды алғаш рет құптады. Бұл туралы ұйымның сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжат мәтінінде балалар мен жасөспірімдер COVID-19 вирусын ересектерге қарағанда жеңіл түрде еңсеретіні айтылған. «Сондықтан, егер олар ауыр COVID-19 қаупі жоғары топта болмаса, оларды егде жастағы адамдарға, созылмалы аурулары бар адамдарға және денсаулық сақтау қызметкерлеріне қарағанда жедел түрде вакцинациялау керек», — деп атап өткен ДДСҰ. Бұған дейін ұйым балаларға вакциналарды қолдануға қатысты «жеткілікті деректер жоқтығын» мәлім еткен болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<