Елбасыға арнап сабақ өтті

738

1

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы аясында Ғ.Мұратбаев атындағы №171 орта мектептің директоры  Бекзат Ибраев 10 «Б» сынып оқушыларымен «Тәуелсіздіктің нұрына айналған Елбасы» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өтті. Білім ошағының басты мақсаты – білімді жасты түлеп ұшыру.

— Бүгінгі оқушы ертеңгі маман. Еліміздің жарқын болашағы осы жастардың қолында. Олар елдің тарихын танып өсіп, тәуелсіздік жетістіктерінде білуі керек. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы туралы мәлімет беру. Елбасының еңбек жолын үлгі – өнеге ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу, халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету. Арманы асқақ, мақсаты айқын жас буынның зейінін ашу. Тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Осы егемендігіміздің тұтқасын берік ұстайтын дәл осындай оқушыларымыз барына мақтана отырып, үлкен үміт күтемін. – дейді Бекзат Сағындықұлы.

Сабақ барысында Елбасы өмірі туралы бейнеролик көрсетілді. Оқушылар Н.Назарбаевтың еңбектері арқылы үш топқа бөлініп, постер қорғау, шығармашылық жұмыстар жасап және сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдерін көрсетті. Ұлттық құндылықтарға толы рәміздеріміз, ел тарихы мен Желтоқсан оқиғасының құрбандары туралы да сөз болып, патриоттық әуендер қойылды. Сабақ соңында оқушылар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тілектерін білдіріп, арнайы сурет салу және өлең шығару арқылы өзіндік қабілеттерін таныта білді.


Гүлбану МАҚАЖАН,
«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<