Генадий Головкин алғашқы сапарын Италиядан бастады

282

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин қазіргі уақытта бокстан лицензиялық турнир өткізіліп жатқан Бусто-Арсициоға (Италия) сапармен келді. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу аясында барлық салмақ дәрежесінде квоталар сарапқа салынады. Турнирге ерлер де, әйелдер де қатысады. ҰОК басшысы өзінің сапарымен шешуші жекпе-жек кезінде қазақстандық боксшыларды қолдауға келгені айтылады. Бұл – Геннадий Головкиннің ҚР ҰОК президенті лауазымына сайланғаннан кейінгі алғашқы ресми сапары. 9 наурызда рингке екі қазақстандық шығады. 1/8 финал аясында жекпе-жекті Наталья Богданова мен Айбек Оралбай өткізеді. Бұған дейін бүгін Валентина Халзова жеңіске жеткен еді. Еске салайық, 29 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдаған еді. Айта кетейік, 26 ақпанда Бас ассемблеяның отырысында Геннадий Головкин ҰОК-нің жаңа президенті болып сайланды. Оның кандидатурасын Бас ассамблея мүшелері бір ауыздан қолдады. 2015 жылдан бері бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<